Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған іс-шара
есебі
2020 жылдың 10 тамызында «Городецкий негізгі мектебінде» КММ Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған 5-9 сынып аралығында іс – шара өтті.
Іс – шара барысында «Абай әлемі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Сонымен қатар мектеп оқушылары «Қазақ халқы – Абайдың халқы» атты видео презентацияны тамашалап, «Абай- дана, Абай- дара қазақта» викторинаға белсенді қатысты.
Бұл іс-шараның мақсаты — оқушыларды ұлы ақын және ойшыл Абайдың шығармашылығымен және өмірбаянымен таныстыру. Оқушыларды ұлы Абай идеяларын насихаттай отырып, дана Абай шығармашылығымен таныстыру. Абай туралы қарапайым түсінік беріп қана қоймай, оны ата-бабалар мұрасы ретінде тануға, құрметтеуге, түсінуге үйрену. Мектептің тәрбиелік қызметі аясында оқушылардың зияткерлік, шығармашылық белсенділігі мен ойлау қабілетін дамытуға ықпал етеді.
Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған,
Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған.
Абай — ұран, Абай шығармашылығы — уақыт тынысы, Абай — халықтың дауысы. Абайдың жарқын бейнесі және оның өлеңдері бізбен мәңгі қалады.
Өткізген қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі: Атаманова А.Ж.